Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Желтоқсан, 2024

Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуына орай құттықтау жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовке Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуына орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті жеделхатында Түрікменстанның табысты жүргізіп отырған бейтараптық саясаты елдің халықаралық аренадағы беделін биіктетіп, зор құрметке бөлегенін атап өтті.

Қазақстан мен Түрікменстанды сан ғасырдан тамыр тартатын берік достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қарым-қатынас байланыстырады. Бауырлас екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік нығая түсіп, қарқынды дамып келеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз, – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентінің жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

179 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз