- Безбен
- 17 Желтоқсан, 2024
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің өсімі 11 айда 5,3%-ды құрады

Үкімет отырысы барысында өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Ол 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің негізгі секторларында оң динамика байқалып, өсім 5,3%-ды құрағанын хабарлады. Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша өндіріс көлемі 6,1%-ға өсті.
Атап айтқанда, өсім өндіріс есебінен қамтамасыз етілді:
Металлургия өнеркәсібі (+7,2%);
Машина жасау (+6,9%);
Химия (+8,4%);
Дайын металл бұйымдары (+29,5%);
Жиһаздар (+12,8%).
Мемлекет басшысының өңдеу секторының шикізатқа қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Өнеркәсіп және құрылысы министрлігі ірі өндіруші компаниялармен 25 келісім жасасты. Сондай-ақ қажеттілігіне қарай ұлттық режимнен алуға жатықызылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі кеңейтіледі. Осылайша, отандық өндірістің 4,5 мыңнан астам тауарлары алынып тасталды.
Бұдан басқа, қолмен реттеу режимінде ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу мәселесі реттеледі. Биыл ірі субъектілер 704 млрд теңге сомасына 592 ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасты.
Құрылыс саласында да оң динамика байқалады. 11 айда жұмыс көлемі 6,9 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 10,3%-ға жоғары. Есепті кезеңде 16,3 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 18 млн шаршы метр деңгейінде тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу жоспарлануда.

191 рет
көрсетілді0
пікір