Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 20 Желтоқсан, 2024

Белградта «Ұлы даланың мәдени мұрасы» көрмесі ашылды

Белградтағы Ханшайым Любица сарайында қала әкімдігі мен Қазақстанның Сербиядағы Елшілігінің қолдауымен Алматы тарихы музейі ұйымдастырған «Ұлы даланың мәдени мұрасы» көрмесі ашылды. Ол 12 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көрмеде Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қорларынан алынған 220-дан астам экспонат ұсынылған. Олар қазақ халқының тарихы, мәдениеті және философиясымен таныстырады.
Көрменің ашылуына Сербия президентінің жұбайы Тамара Вучич, президенттің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Деян Савич, дипломаттар, ғылым, мәдениет және БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстанның елшісі Мәди Атамқұлов көрменің бірегейлігін атап өтіп, оны ұйымдастырған Алматы қаласы тарихы музейіне алғыс білдірді.
Бұған дейін Музейлер бірлестігі халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту аясында әкімдіктің қолдауымен Италия, Австрия, Түркия, Оңтүстік Корея, Прага және Венгрияда көрмелер ұйымдастырған болатын.

1240 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз