Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Желтоқсан, 2024

Күрестен халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Күрестен мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

 Дүбірлі додаға Қазақстан, АҚШ, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Аустралия, Бразилия, Ресей, Моңғолия спортшылары қатысты. 21 желтоқсанда 57 келі, 65, келі, 74 келі, 86 келі және 97 келі салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар анықталды.

Төменде жарыс жеңімпаздары көрсетілген:

57 келі: Рахат Қалжан (Қазақстан)

65 келі: Әділ Оспанов (Қазақстан)

74 келі: Дэвид Аарон (АҚШ)

86 келі: Болат Сақаев (Қазақстан)

97 келі: Абусаймон Хабила (Қытай)

Аталмыш турнирдің соңғы күнінде 61 келі, 70 келі, 79 келі, 92 келі және 125 келі салмақ дәрежелері бойынша медальдар сарапқа салынды.

Төменде жарыс жеңімпаздары көрсетілген:

61 келі: Мейрамбек Қартпай (Қазақстан)

70 келі: Мустафа Ахмедов (Тәжікстан)

79 келі: Сулдхуу Олонбаяр (Моңғолия)

92 келі: Азамат Дәулетбеков (Қазақстан)

125 келі: Серік Бақытханов (Қазақстан)

 

1813 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз