Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 30 Желтоқсан, 2024

Лос-Анджелесте бақ сынаймын

Париж олимпиадасына Қазақстан құрамасынан қатысқан ең жас спортшы  Батырхан Төлеуғали Өскемендегі жекпе-жек сарайында дайындалады. Жақында өзімен кездесіп, әңгімелесудің сәті түсті.

– Батырхан, алғашқы олимпиадаң қалай өткенін тағы бір рет өз аузыңнан естісек дейміз...

– Олимпиадаға бару – әр спортшының арманы. Алғашқы олимпиа-дам болғандықтан, қатты қуандым. 25 шілде күні туған күнімді олим-пиадада қарсы алдым. 18 жасқа толдым. Еліміздің атынан қатысқан әр саладағы спортшылардың ішіндегі ең жасы кішісі мен болдым. Париж олимпиадасына қатысаты-нымды естігенде сенбедім. Жарты жылдай түсінбей жүрдім. Себебі, ол кезде юниор құрамасында едім. 2024 жылы ересектер құрамасына өттім. Спартакиадаға қатысып, 1-орынды иелендім. Іріктеудегі үлкендер менің квалификациядан өтуіме мүмкіндік барын, өте алатынымды айтты. Әйтсе де, өзімді жақсы көрсетіп, әлі жақсы дайындалуым қажет екенін ескертті. Кейін жаттығуды бастап кеттім. Олимпиадаға дайындық қатаң әрі жоғары деңгейде өтті. Квалификация турниріне бапкерлермен үш ай дайындалдым. Шетел аралап, әртүрлі жекпе-жек-ке қатысып, тәжірибе жинауға тырыстым. Талмай еңбектенудің нәтижесінде  квалификация турнирінен де сүрінбей өттім.

– Ал таэквондоға қалай, қашан келдің?

– Өскемен қаласында дүниеге келдім. Сегіз жасымнан бері спорттамын. Бала кезімде бойымда ерекше энергия тасып, ешқашан бос жүрмейтінмін. Ата-анам сол ізденісім мен талпынысымды еске-ріп, Ахмер кентіндегі мектебімнің жанындағы таэквондо үйірмесіне берді. Осылайша, таэквондомен айналыса бастадым. Алғашқы бапкерім Еркін ағайдан біраз нәрсе үйрендім. Сондай-ақ, таэквондоға келгелі бері біраз бапкермен қатар, спортшылардың  да  техникасына, әдіс-тәсіліне қараймын. Мәселен, шетелдік спортшыларды көп қараймын. Отандық бапкерлердің шінде Нұрсұлтан Мамаев, Қайрат Сарымсақовты ерекше құрметтеймін. Бұл кісілердің жақсы тұстарын ескеріп, өзіме біраз қажет ақпарат аламын. Сондай-ақ, Бейжің олимпиадасында қоржынға қола салған, таэквондодан жалғыз қола медаль иегері Арман Шылмановтан үлгі аламын. 

– Жалпы, спортшының бір күні қалай өтеді?

– Мәселен, іріктеу барысында тәртіп қатал. Ол  кезде таңымыз 6:30-да басталады. жиырма минуттан соң іріктеліп, әнұран шырқап, таңғы серуенге шығамыз.Таңғы астан кейін, таңғы жаттығуға кірісеміз. Таңғы жат-тығудан соң демалып, түскі асқа барамыз. Түскі астан соң, екі сағат бойы демаламыз. Кейін кешкі жаттығу тағы бар. Әбден жаттыққан соң демал-ғанның өзі бір жақсы сезім. Осылайша бір күніміз өтеді. Үздіксіз жаттығу, дұрыс тамақтану – біздің бір күніміз. Қазір спорт, яғни таэквондо менің өмірімнің жартысына, жақсы көретін жұмысыма айналды. Сондықтан, әр жаттығуға ерекше құлшыныспен барамын. 

– Алға қойған қандай арман-мақсаттарың бар?

– Алла бұйыртса, 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы олимпиадаға  баруға ниеттімін. Ақырын дайындықты бастадым. Бапкерлерімнен біраз нәрсе үйреніп, кем-кетігімді жөндеуде-мін. Түрлі анализ тапсырып, әртүрлі жарыстарға қатысып, ұпай жинауға тырысудамын. Париждегі ойыным
көңілімнен шықпады. Лос-Андже-лесте бағымды сынаймын. Лос-Анджелестегі жазғы олимпиада да қайтсем де ел қоржынына алтын салуым керек. Сол үшін үздіксіз дайындық жасап жатырмын. Күнделікті жаттығып, дұрыс тамақтанып жүрмін.

– Спорт саласын таңдағысы келетін жасөспірімдерге қандай кеңес бересің?

– Қай спорт жаныңызға жақын болса, соны таңдаңыз. Бала кезден қатыссаңыз, оны алып кету ыңғай-лы болмақ. Ешқашан қорықпау керек. Спорт қиындықтан тұрады. Сынбаған жөн. Өздеріңнен үлкен қарсыластан қорқудың қажеті жоқ. Егер, шын тырыссаңдар, бәрі де мүмкін. Тәртіп, талап қатар болғаны жөн.

– Сұқбатыңа рақмет! Келесі олимпиадада бап та, бақ та қатар шапсын!

Әмина БАҚЫТБЕКОВА,
«Ұланның» жас тілшісі
Өскемен қаласы
Сурет
Спорт және туризм министрлігі парақшасынан алынды

«Ұлан» газеті, №51
17
желтоқсан 2024 жыл

2617 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз