- Qazaq gazetteri TV
- 07 Қаңтар, 2025
Президенттің «Ana tili» газетіне берген сұхбаты талқыланды

“Қазақ газеттері” Алматы басылымдарының Мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Ana tili” ұлт газетінде жарық көрген кең көлемді “Мақсатым - экономиканы және егемендікті нығайту” сұхбатын талқылау өтті. Дөңгелек үстелге М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов, академик, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, Ғ.Мүсірепов мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Әділғазы Қайырбек, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ғалым Анар Фазылжан, Farabi University Журналистика факультетінің деканы, медиа сарапшы Қанат Әуесбай және “Urker” журналының бас редакторы, ақын Жарас Сәрсек, “Мысль” журналының бас редакторы Асыл Сағынбеков, “Aqiqat” журналының бас редакторы Дәуіржан Төлебаев, “Uiğur avazi” газетінің бас редакторы Ершат Асматов қатысты. Пікірлер “Ana tili” басылымында жарық көреді.

3220 рет
көрсетілді0
пікір