Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 15 Қаңтар, 2025

Әлібек Хасенов «Қазспортинвест» АҚ президенті болып тағайындалды

Әлібек Хасенов «Қазспортинвест» АҚ президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлібек Хасенов 1986 жылы 3 қазанда Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін (маркетинг), Қазақстан-Ресей университетін (құқық) тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2016 жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының «Қараөткел» РМК ресми іс-шаралар бөлімінің бастығы болып бастаған;

2018 жылдан бастап – мемлекеттік және ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады;

2019-2024 ж.ж. – каноэ федерациясының ескек есу спортын дамыту жөніндегі атқарушы директор;

2024 жылдан бастап – Астанада «Болашақтың ойындарын» өткізуге өтінім әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.

335 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз