Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 15 Қаңтар, 2025

Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханасы жойылды

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттерімен синтетикалық есірткі өндіретін екі жасырын зертханалардың жолы кесілді, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Заңсыз айналымнан 10 кг-нан астам «мефедрон», шамамен 5 кг сұйықтық (кристалдану процесінде), 200 литр прекурсорлар, электронды таразылар, синтетикалық есірткі өндіру нұсқаулары бар дәптер, сұйықтық құйылған канистрлер, сондай-ақ «синтетик» өндіруге арналған құрылғылар тәркіленді.

Соттың санкциясымен 5 адам қамауға алынды, оның  екеуі шетел азаматтары.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.

403 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз