Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Қаңтар, 2025

Алматыда автономды кітапханалар пайда болды

Алматыда автономды кітапханалар пайда болды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 
Енді кітаптарды кәдімгі кітапханалардан ғана емес, қоғамдық орындарда орнатылған автоматты құрылғылардан да алуға болады. Қаладағы метро бекеттерінде, ХҚКО-ларда, сауда орталықтарында және жастарға арналған комьюнити орталықтарында кітапты тегін алуға болатын 24 құрылғы орнатылды. 
Қызметті пайдалану үшін оқырман билеті қажет. Билетіңіз жоқ па? Аппараттың жанында тіркеліп, кітапсүйер қауымның қатарына қосылыңыз.  
 Оқырман билетін «Алматы кітапханаларына» қарасты 28 кітапханада рәсімдеуге болады. Айта кетерлігі, шаһардағы үш кітапхана тәулік бойы жұмыс істейді. 
 Сонымен қатар, кітаптарға almatylibrary.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беруге болады. Қалалық кітархаланардағы кітап қоры 1,3 миллионнан асады.  Жұмыс автоматтандырылған. Былтыр қала кітапханаларына оқырмандар 3 миллион рет адам келіп-кеткен. 

789 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз