Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Қаңтар, 2025

Депутат көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салатын норманы сынады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Серік Ерубаевтың Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке көлікті 5 минуттан артық қыздарғаны үшін айыппұл төлеу туралы норманы қайта қарау жөнінде депутаттық сауал жолдады.

Серік Ерубаев Әкімшілік құқық бұзушылық кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында бірқатар депутат қолдау білдірмегенін айтады.

- Негізсіз айыппұлдарды қолданудан ең алдымен көлік жүргізушілері мен кәсіпкерлер зардап шегетіні баршаға мәлім.

Мысалы, үй жанындағы дүкендерге көліктен тауарларды тиеу және түсіру, әдетте, бөлінген бес минуттан көп уақытты алады, ал минус 20 немесе одан да төмен температурада қозғалтқышты өшіріп қою қи-сын-сыз. Немесе сақылдаған сары аязда балаларды мектептен, балабақшадан алғанда суық салонға қалай отырғызасыз.

Жалпы қыс уақытында, аймақтарда қатты аяз болған кезде, машинаны жылытуға 5 минуттан көп уақыт кететіндігі айдан анық.

Негізсіз айыппұлдарды қолданудан ең алдымен көлік жүргізушілері мен кәсіпкерлер зардап шегетіні баршаға мәлім, - дейді депутат. 

Серік Ерубаев аймақтардың температуралық режимі мен климатын ескере отырып, көліктің қозғалтқышы бес минуттан артық жұмыс жасау туралы норманы қайта қарау керектігін ұсынды.

781 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз