Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Қаңтар, 2025

Елімізде Алтын Орда тарихы туралы сериал түсіріледі

Елімізде Алтын Орда тарихы туралы сериал түсіріледі. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Karga Seven Pictures кинокомпаниясының  құрылтайшылары Эмре Сахин мен Фикрет Маноглумен  кездесіп, Алтын орда туралы сериалдың сценариін және басты рөлдерге актерлік құрамды талқыладық. Бұл сериалдың сценарийін әзірлеуге Джастин Поллард («Викингтер»), Клэр Мурсом сияқты танымал сценаристер, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар қатысты. 

Айта кету керек, сериал авторлары Жошы ұлысының, Алтын Орданың тарихына, көшпелі халықтар мен қазақтың мәдени құндылықтары мен өмір салтына зерттеу жүргізген» - делінген жазбада. 
Сериалдың түсірілімі Қазақстан жерінде өтеді. Түсірілім ақпан айында басталады.

490 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз