Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Қаңтар, 2025

Ұлытау облысында боранда жоғалып кеткен ер адам құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері кеше таңертең Амангелді ауылдық округінің Сарлық ауылынан Қосконған қыстағына қарай жеңіл автокөлікпен шыққан адамды сәтті іздестіру-құтқару операциясын жүргізді.
Ер адам мал іздеуге шығып, бірақ көп ұзамай байланысқа шықпай қалған. Құтқарушылар дереу іздеуге шығып, түнде жоғалған адамды тапты. Белгілі болғандай, оның автокөлігі Сарлық ауылынан 60 шақырым қашықтықта қар құрсауында қалды.
Медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарылған ер адам Ұлытау ауылындағы туыстарына жеткізілді.

647 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз