Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Қаңтар, 2025

Көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған кітапханалар ашылды

Алматыда көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған заманауи кітапханалар ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдететін арнайы жабдықтармен қаланың жеті кітапханасы қамтамасыз етілген. 
Кітапханада Брайль дисплейлері, Брайль қарпінде басып шығаруға арналған принтерлер, мәтіннің контрастын үлкейтуге және өзгертуге арналған құрылғылар, сондай-ақ мәтінді дауыстап оқып, оны аудиоформатқа айналдыратын сканерлер орнатылған. 
Аудиокітаптарды тыңдау үшін дыбыс сапасы жоғары құлаққаптар бар, ал компьютерлерге бейімделген бағдарламалық жасақтама орнатылған. 
Бұл жерде құрал-жабдықты пайдалануды үйрететін көру қабілеті нашар қызметкерлер жұмыс істейді. 
Бұл кітапханалар – Жамбыл атындағы ҚЖК, «Alatau Creative Hub», Чехов атындағы ОҚК және басқа да мекемелер Алматы әкімі тапсырмасымен мәдени нысандарға тең қолжетімділік және кедергісіз орта құру қағидаты аясында ашылған.

228 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз