- Аймақ тынысы
- 16 Қаңтар, 2025
Қарағандыда балабақшадағы өрттен 82 бала эвакуацияланды

Қарағандыда балабақшадан 82 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Жеке меншік балабақшаның жертөлесінде 1 шаршы метр аумақтағы заттар мен электр қалқанының автоматы жанды. Өрт жедел сөндірілді. Құтқарушылар ғимараттан 88 адамды, оның ішінде 82 баланы эвакуациялады.
Оқиға орнында балаларды жылыту үшін вахтовкалар жұмылдырылды. Психологтар да жұмыс істеді. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

486 рет
көрсетілді0
пікір