- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 16 Қаңтар, 2025
Шетелдіктерге заңсыз құжаттар әзірлеп берген екі елордалық сотталды

Олар Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген 49 шетелдікке заңсыз Қазақстан Республикасының азаматтығын және уақытша тұруға арналған рұқсат алуды ұйымдастырған.
Біреуі неке куәлігін, медициналық анықтаманы және басқа да құжаттарды қолдан жасап, екіншісі оған клиенттер тауып беріп отырған.
Әр шетелдіктен 80 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша алған.
Сот үкімімен оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екеуінен 107 мың доллар, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль тәркіленді.
Фото: ашық дереккөзі

183 рет
көрсетілді0
пікір