Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қаңтар, 2025

Өскеменде көлігін 5 минуттан артық қыздырған 3 адамға айыппұл салынды

«102 арнасына осылай 3 арыз түсті. Көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияда осындай заңбұзушылыққа жол берген азаматтарға жаппай айыппұл салу міндеті жоқ. Автокөлікті ұзақ қыздырғандарға әкімшілік хаттама тек азаматтардың арыз-шағымдары түскен кезде ғана толтырылады. Сондай-ақ бұзушылық туралы дәлелдер (фото, видео) болуы тиіс», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлерге көлігін 5 минуттан артық қыздырған адамдар жайлы 3 арызды да бір адам түсірген. Ол таңертең аулаға шығып, көліктерді видеоға түсіріп, тәртіп сақшыларына арызданып жүр. 

Фото: дереккөзден алынды

205 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз