- Безбен
- 17 Қаңтар, 2025
Мәжілісте тауарлардың шығарылған елін айқындау бойынша заң жобасы талқыланады

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Бірінші оқылымда Мәжіліс тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша заң жобасын талқылайды. Бұл заң жобасы ҚР Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатымен дайындалған. Заң жобасы отандық өндірісті дамыту, импорттық жеткізілімдерге тәуелділікті азайту және жаңа өндірістерді локализациялау үшін ұсынылып отыр.
Екінші оқылымда депутаттар резервтегі қызмет мәселелері бойынша заң жобасын талқылайды. Заң жобасымен жаңа әскери қызмет түрі – резервтегі қызмет енгізіледі. Бұл келісімшарт негізінде тұрғылықты жері бойынша ерікті түрде жүзеге асырылады және әскери дайындықты арттыру үшін резервтік күштерді құруды мақсат етеді.
Сонымен қатар депутаттар Түркия Республикасымен өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын қарайды.

564 рет
көрсетілді0
пікір