- Құмсағат
- 20 Қаңтар, 2025
Қазақстан еркін күрестен Гран-при турнирінде екі алтын медальға ие болды
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Гүлдана Бекеш пен Эльмира Сыздықова Францияның Ницца қаласында өткен Анри Деглан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Аталмыш жарыста Бекеш 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді.
Айта кетейік, өткен жылы Гүлдана Бекеш жастар арасында Азия чемпионатында қола медаль еншілесе, Эльмира Сыздықова 2024 жылы ересектер арасында құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.
955 рет
көрсетілді0
пікір






