- Айна
- 20 Қаңтар, 2025
Қазақстанда белсенді ұзақ өмір сүру индексі 2023 жылы 32,1% құрады

Қазақстанда белсенді ұзақ өмір сүру индексі 2023 жылы 32,1% құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
2023 жылы Қазақстанда белсенді ұзақ өмір сүру индексі 32,1% болды, ерлер арасында 32,9% және әйелдер үшін 31,5% құрады.
Бұл дегеніміз екі жыныс үшін де белсенді ұзақ өмір сүру әлеуетінің тек үштен бірі пайдаланылады, ал толық пайдаланылмаған әлеует 67,9% құрайды. 2022 жылмен салыстырғанда екі жыныс үшін де индекс 1,1 пайыздық тармаққа, 2020 жылмен салыстырғанда 2,5 пайыздық тармаққа өскен.
Төрт жыл бойына (2019 жылдан 2023 жылға дейін) индекстің ең жоғары мәндері «тәуелсіз, салауатты және қауіпсіз өмір» және «белсенді ұзақ өмір сүруге қолайлы орта» көрсеткіштерінде байқалған. Ең төменгі мән волонтерлік қызметке қатысу (0,2%), науқастар мен мүгедектерге күтім жасау (1,6%), сондай-ақ 70-74 жас аралығындағы адамдарды жұмыспен қамту деңгейі (3%) сияқты индикаторларда атап өтілді.
Белсенді ұзақ өмір сүру индексінің көрсеткіштерін толығырақ «Қазақстанның аға буыны» жинағынан көруге болады.
Аталған индекс белсенді ұзақ өмір сүру саласындағы прогресті бағалау және егде жастағы адамдардың белсенді ұзақ өмір сүруге, оның ішінде әртүрлі салалардағы толық пайдаланылмаған әлеуетті өлшеуге арналған.

181 рет
көрсетілді0
пікір