- Шартарап
- 22 Қаңтар, 2025
Түркияда бір күндік қаралы күн жарияланды
Түркияда бір күндік қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.
Түркиядағы тау-шаңғы шипажайындағы өртке байланысты 22 қаңтар аза тұту күні деп жарияланды. Соңғы мәлімет бойынша оқыс оқиғадан қаза тапқандар саны 76-ға жетті.
Өрттің шығу себебі мен кінәлілерді анықтау үшін тергеу амалдары басталып, 9 адам ұсталды.
Естеріңізге сала кетейік, сейсенбіге қараған түні Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйден өрт шықты.
1422 рет
көрсетілді0
пікір






