Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 24 Қаңтар, 2025

Мәжіліс Катармен бірқатар халықаралық келісімді қарайды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Депутаттарға Қатар Мемлекетімен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және ұстап беру туралы келісімдерді ратификациялау жөніндегі заң жобаларын қарастыру ұсынылды. Келісімде өзара іс-қимыл мәселелері реттеліп, процестік әрекеттерге қатысушылардың құқықтары белгіленеді. Экстрадициялау туралы келісім екі елдің құзыретті органдары арасындағы қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адамдарды беру мәселелеріндегі құқықтық қатынастарды реттейді.
Екінші оқылымда мәжілісмендер дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері туралы заң жобасын қарайды.
Сондай-ақ Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобалары күн тәртібіне енгізілді. Олардың қатарында тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау мәселелері бойынша түзетулер және жеке тұлғаларға лизинг енгізу мәселелері бар.

Фото: t.me/mazhilis_kz

1354 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз