Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 25 Қаңтар, 2025

Қазақстан Сыртқы істер министрі Кипр Елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанда дипломатиялық қызметінің басталуына орай Кипр Республикасының Елшісі Петрос Накузисті қабылдады, деп хабарлайды kazgazeta.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-кипр ынтымақтастығының ағымдағы аспектілерін, оның ішінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының арасында бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруын талқылады.
Астана мен Никосияда екі елдің елшіліктері ашылуының маңыздылығы аталып өтті. Бұл қадам қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деген жалпы пікір білдірілді.
Кездесу соңында Министр М.Нұртілеу Кипр Елшісіне Қазақстандағы қызметінде табыс тіледі.

1299 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз