- Аймақ тынысы
- 26 Қаңтар, 2025
Петропавлда өнеркәсіп аумағынан өрт шықты

Петропавл қ. Ж.Қизатов көшесінде ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағында екі жүк көлігі тұрған гаражда өрт шықты.
Өрт алдын ала 252 ш.м. алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өрт сөндіру материалдардың жоғары жанғыштығымен күрделенді, бұл оттың тез таралу қаупін тудырды. Алайда өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт бақылауға алынып, оның одан әрі дамуына жол берілмеді.

352 рет
көрсетілді0
пікір