Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Қаңтар, 2025

Қарағандыда 30 азаматты алдаған зергер ұсталды

Қарағандыда полиция 30-ға жуық тұрғынды алдаған зергерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне қаланың 43 жастағы тұрғыны арызбен шағымданды. Әйел арызында алтын бұйымдарын тазалауға және үзілген жерін жалғап беруге зергерге тапсырғанын жазды. Бұл жұмыстар үшін зергер жәбірленушіге қосымша уақыт қажеттігін айтқан. Сөйтіп, азаматша алтындарын сол жерге қалдырып кеткен.

Алайда келісілген уақытта алтын бұйымдардың иесі әшекейлерін алып кетуге барғанда, зергер үлгермегенін айтып, тағы да қосымша уақыт сұраған. Арада үш ай өткен соң зергердің алаяқ екенін түсінген жәбірленуші полицияға арызданды. Оған келтірілген шығын көлемі 854 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері 45 жастағы зергерді анықтады.

Күдікті азамат ақшадан қысылғанын айтып, жәбірленушінің алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп жібергенін түсіндіріп, кепілдік билетін көрсетті. Тәртіп сақшылары кепілдік билетімен ломбардқа алтын бұйымдарды өткізуге келгенде күтпеген жағдайға тап болды.

Белгілі болғандай, зергер бұл ломбардқа жалпы құны 10 млн теңгеден астам ақшаға 64 алтын бұйым өткізгенін анықтады.
 

551 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз