- Шартарап
- 30 Қаңтар, 2025
Қазақстан Елшісі Словакия Президентіне сенім грамоталарын табыстады

Президент сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Жанна Сағынованың Словак Республикасының Президенті Петер Пеллегриниге сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсім аясында өткен екіжақты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын айтып, саяси диалогты, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында П.Пеллегрини Елшіге дипломатиялық миссиясында табыстар тілеп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы тілектерін жолдады.

1146 рет
көрсетілді0
пікір