Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 30 Қаңтар, 2025

Павлодарда зейнеткерді тонау сәті видеоға түсіп қалды

 Павлодарда зейнеткерді тонау сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz7

Оқиға күндіз Сәтпаев көшесіндегі үйдің кіреберісінде болған. Зейнеткер дүкеннен қайтып келе жатып, лифт жанында бір ер адамды кездестірді. Екеуі бірге лифтіге кірген, бірақ бірнеше секундтан кейін күдікті зейнеткердің пакетін қолынан тартып алып, лифтіден жүгіріп шыққан.

Ер адам қолды қылған пакеттің ішінде зейнеткердің 190 мың теңгесі салынған әмиян болған. Жәбірленуші бірден полицияға хабар берді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің түр-әлпетіне ұқсас азаматты ұстады. Ол бұрын сотталған қала тұрғыны болып шықты.

616 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз