Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 30 Қаңтар, 2025

«Білім ордасы және ұлттық баспасөз»

 

«Қазақ газеттерінің» редакциясында «Білім ордасы және ұлттық баспасөз» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында білім беру ордаларында ұлттық баспасөз құралдарының өзара байланысы, сондай-ақ ұлттық баспасөздің білім беру жүйесіне ықпалы талқыланып, оқушылар мен мұғалімдердің мерзімді баспасөз құралдарын қолдану тәжірибесі мен олардың оқу үдерісіне тигізетін әсері қарастырылды.

Аталмыш дөңгелек үстелге А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Лексикология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты Айгүл Әмірбекова, Педагогика ғылымының кандидаты, доцент Абай Қабақбайұлы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Қорларды сақтау қызметінің жетекшісі Фатима Құралбекқызы, Алатау ауданы, №180 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құралай Әбдіназарқызы, «QAZBILIМ» ұлттық лицейі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бауыржан Майтайұлы қатысты.

4091 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз