- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 31 Қаңтар, 2025
Алматыда Digital Almaty 2025 форумы өтіп жатыр

Алматыда Digital Almaty 2025 VII Халықаралық цифрлық форумы басталды.
Орталық Азияның цифрлық хабына айналған қалаға 300-ден астам халықаралық сарапшы жиналды.
Қатысушылар әлемдік спикерлердің қызықты пікірталасына, стартаптар мен түрлі цифрлық шешімдерге куә болады.
Қала әкімі Ерболат Досаев форумға қатысып, қазақстандық IT-мамандардың инновациялық жобаларымен танысты. Бүгінде Алматыда елдегі IT-компаниялардың үштен бірі шоғырланған, ал стартаптар 19,2 миллион доллар инвестиция тартты. Стартаптардың табысы 5,37 млрд теңгеге жетіп, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар, Алматыда алғаш рет мектептер мен балабақшалардың қауіпсіздігі үшін бейнеталдау мен жасанды интеллект қолданылды.
Екі күнге созылатын форум Алматыда жетінші рет өтіп жатыр.
Суреттерді түсірген: Юрий Беккер

516 рет
көрсетілді0
пікір