Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Ақпан, 2025

Астанада «Қазақстан университеттері – ел дамуының драйверлері» Хакатон-2025 шарасы өтті

Ауқымды шараға еліміздің жетекші 23 жоғары оқу орындары қатысты. Ол жоғары білім саласындағы үздік стратег атану үшін интеллектуалдық бәсеке алаңына айналды.

Жарыс қорытындысы бойынша Shakarim University ұлттық университеттерді де басып озып абсолютті жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс университеттің жоғары стратегиялық дайындық деңгейін көрсетті.

«Біздің командада студенттер, оқытушылар, зерттеушілер бар. Олар бүгін университетті жаңа қырынан танытып, жақсы жағына қарай өзгертетін болса ертең еліміздің дамуына ұлес қосады. Бұл жеңіс көшбасшылық немесе атақпен шектелмейді.», - деді университет ректоры Думан Орынбеков.

Хакатонда Мәскеудің «Сколково» басқару мектебі әзірлеген FuturEdu Strategy Simulation қарқынды стратегиялық симуляциясы барысында қатысушылар бүкіл ел ауқымында университеттік ортаның дамуына әсер ететін шешімдер қабылдады.

Фото: gov.kz

349 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз