Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Ақпан, 2025

Дикий Арман өзіне қол жұмсамақ болды

Қаңтар оқиғасы кезіндегі қылмысы үшін 20 жылға сотталған «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев өзіне қол салмақ болды.

Бұл мәліметті ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

«Бұл сотталған (Арман Жұмагелдиев — ред.) өзіне аздаған жарақат келтірді. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған ерекше бақылауда. Онымен мекеме психологтары жұмыс жүргізуде», — деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Мәліметке сай, осы факті бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

Фото: ашық дереккөзі

 

 

 

338 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз