- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 01 Ақпан, 2025
"Jaiyq Arena" жаңа көпфункционалды спорт кешенінде алғаш рет республикалық Чемпионат өтті
Орал қаласында а.ж. 26-29 қаңтар аралығында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы дзюдодан ҚР чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 900-ге жуық спортшы қатысты. Турнир дзюдоны дамытуға және насихаттауға, салауатты өмір салтын нығайтуға және спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.
Жеке жарыстардың қорытындысы:
1 орын: Шымкент командасы (3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль);
2 орын: Алматы командасы (3 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде);
3 орын: Қарағанды облысы (3 алтын, 3 қола медаль).
Чемпионаттың соңғы күні аралас командалық жарыстар өтті. Жеңіске Атырау облысының құрамасы ие болды, күміс Алматы командасына бұйырса, қоланы Астана мен Қарағанды облысының құрамалары бөлісті.
Турнир 2025 жылғы спорт маусымына дайындықтың маңызды кезеңі болды, оның нәтижелері бойынша құрама командалардың жаңа құрамы жасақталады.
Аталмыш заманауи спорт кешені болашақ чемпиондарды тәрбиелеп қана қоймай, қала тұрғындарына белсенді және салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді. Құны 19,9 млрд теңге болатын "Jaiyq Arena" кешенінің құрылысы қысқа мерзімде аяқталды.
ҚазМұнайГаз әлеуметтік жауапты компания ретінде өз қызметін жүргізетін өңірлерде әлеуметтік жобалар, соның ішінде мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер мен спорттық-мәдени нысандар салу бойынша жұмысты белсенді жүзеге асырып келеді.
Фото: ҚазМұнайГаз
414 рет
көрсетілді0
пікір






