Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Ақпан, 2025

«Activity boom»: Белсенді алматылық жастарға жеңілдіктер

Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Activity BOOM» жобасы Алматы жастарына жол жүруге, тамақтануға, тау шаңғысы жабдықтарын жалға алуға және басқа да қызметтерге жеңілдіктер ұсынуды жалғастырып отыр.

Картаны алу үшін комьюнити орталықтың резиденті болу қажет. Оны пайдалану үшін Jas.Almaty платформасында тіркеліп, QR-код арқылы жеңілдіктерді іске қосу жеткілікті.

Жоба қазірдің өзінде «FOOTLAB» футбол орталығы, «Maestro» киім дүкені, Almaty OWL COFFEE және сұлулық салондарын қосқанда 30-дан астам серіктеспен жұмыс істейді.

Серіктестердің толық тізімі мен жеңілдіктер мөлшерін jasalmaty.kz сайтының мобильді нұсқасынан көруге болады.

Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін Алматының 50 000-нан астам жас тұрғыны осы картаның иегері атанады.

272 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз