- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 03 Ақпан, 2025
Автожолдардағы шектеулер енді 2ГИС-те қолжетімді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар 25 мың шақырымға жуық автожолдарды басқару жөніндегі ұлттық оператор болып табылады.
qaj.kz ресми сайты бен Sapar мобильді қосымшасы арқылы автожолдардағы жағдай туралы үнемі хабардар бола аласыз.
Бүгінде 2ГИС геосервисімен жаңа интеграция орнатылған. Енді осы сервис арқылы маршруттарды құру кезінде республикалық маңызы бар автожолдардағы ағымдағы жағдай туралы ақпарат ескеріледі.
Мәселен, ауа-райының қолайсыздығына байланысты қай бағытта, қандай елді мекенде көлік қозғалысы уақытша шектелгені бейнеленеді. Бұл функция әсіресе қыс мезгілінде, шұғыл континентальді климатпен ерекшеленетін аймақтарда өзекті болмақ.
ҚазАвтоЖол 2ГИС–ке күре жолдағы қазіргі ахуал жайлы мәліметті ұсына отырып, сервисті пайдаланушы жүргізушілерге өз маршруттарын тиімді жоспарлауға, жолдағы келеңсіз жағдайлардың алдын алуға және ең бастысы - діттеген жерге тез, әрі ыңғайлы жетуге өз септігімізді тигізеді. Егер автомобиль жолының белгілі бір учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылса, 2ГИС жүргізушіге ең оңтайлы балама жолды ұсынады.

433 рет
көрсетілді0
пікір