Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Ақпан, 2025

Тұрғындар жолдардың сапасына наразы - Бектенов

Үкімет отырысында Премьер-министр  көлік ағынын басқару ісіне заманауи IT-технологиялар енгізуді тапсырды.
«Жергілікті жолдарға да баса мән беру керек. Облыстық және аудандық жолдарды күрделі жөндеуге қомақты қаражат бөлінуде. Оның ішінде республикалық бюджеттен де қарастырылған. Алайда, кейбір өңірлерде, жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі жеткіліксіз болып отыр. Атап айтқанда,  бұл – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына да қатысты мәселе. Тұрғындар жолдардың сапасына наразы», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өткен жылы азаматтардан жолдар мен көшелер мәселесіне қатысты ресми түрде 40 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен.
«Өңірлерде жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарында құрылыс технологияларын сақтамау және мерзімдерді кешіктіру байқалып отыр. Әкімдер бұл мәселелерді бақылауға алуға тиіс. Көлік ағынын басқару ісіне заманауи IT-технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу қажет», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
 

500 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз