Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 04 Ақпан, 2025

Жетісу облысы прокуратурасы сотталған адамға жеке кәсіп ашуына көмектесті

«Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында Жетісу облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматқа жеке бизнес ашуға қолдау көрсетті.

Пробация қызметінде есепте тұрған Қаратал ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.

Прокуратураның қолдауының арқасында ол мемлекеттен 1,5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды.

Бұл қаражатқа дөңгелек жөндеу жабдықтарын сатып алуға және жұмыс жасайтын үй-жайлар салуға жұмсалды.

Қазіргі уақытта ер адам жеке кәсібін табысты жүргізуде.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

394 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз