- Шартарап
- 04 Ақпан, 2025
Британдық журналист USAID агенттігінің қызметін сынға алды

Интернет желісінде белгілі британдық журналист және тележүргізуші Афшин Раттанзидің USAID агенттігінің қызметі туралы өте өткір айтылған жазбасы пайда болды. Раттанзидің айтуынша, өзінің мақсатын азаматтық сыртқы көмекті басқару және дамуға жәрдемдесу деп сипаттаған ұйым шын мәнінде «Еуропа, Латын Америкасы, Таяу Шығыс, Африка және Азиядағы алауыздық пен арандатушылық, саботажға» жауапты. Атап айтқанда, агенттіктің Украинадағы «майдан» мен Сириядағы «Ақ дулығалыларға» қатысты және Венесуэлада Уго Чавесті биліктен тайдырмақ болған әрекетін атап өтті.
«Демократтар әлі күнге дейін Вашингтонның сыртқы саяси құрылымының қылмыстық режимін өзгертуді құтқаруға тырысуда. Бұл жиіркенішті ұйым «демократияны күшейтеміз» және «бұқаралық ақпарат құралдарын кеңейтеміз» деген желеумен еніп кеткен барлық елдерде тозаққа жол ашты. USAID біріктіру саясатына қатысты күлкілі және ақымақ бағдарламаларды қаржыландырғанымен, оған сенбеңіз», - деді сарапшы.
Бұл аз уақыттың ішінде агенттікке қатысты көпшіліктің назарын аударып, сынға қалған алғашқы мәлімдеме емес. DW хабарлауынша, 2 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп USAID басшылығы алдағы уақытта отставкаға кететінін жариялады, өйткені ол туралы: «бір топ радикал-ессіздер басқарады», - деп келтіреді.
Америкалық миллиардер және Тиімді үкімет департаментінің (DOGE) жаңа басшысы болып сайланған Илон Маск президентпен келісетінін айтты және агенттікті «өлетін уақыты жеткен қылмыстық ұйым» деп атады. Сонымен қатар, бизнесмен жазылушыларына «USAID салық долларларын пайдаланып, биологиялық қаруды, соның ішінде миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған COVID-19ға қатысты зерттеулерді қаржыландырған» деген жазба қалдырды.
Сондай-ақ, агенттіктің «шығындары мен бюджетке жасаған қиянаттарының» кейбір мысалдары Ақ үйдің веб-сайтында пайда болды, олардың арасында:
«Ухань зертханасында зерттеуге қатысқан EcoHealth Alliance пайдасына жұмсалған миллиондар» жайлы қызықты пункт келтірілген. Сонымен бірге, BBC өткен аптада USAID-тің жүзге жуық қызметкері әкімшілік демалысқа шығып, олардың электрондық пошталарына кіре алмай қалғандарын хабарлады.
3 ақпанда CNN АҚШ халықаралық даму агенттігінің Вашингтондағы штаб-пәтерінің жабылғаны туралы хабарлады. Ғимарат қабырғаларынан USAID қызметін бейнелейтін логотиптер мен фотосуреттер алынып тасталған.
Алайда, кейінірек АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) басшысы міндетін орындайтынын мәлімдеді.
CNN-нің хабарлауынша, Рубионың Сальвадорға сапары кезінде журналистерге өзін USAID директорының міндетін атқарушы ретінде таныстырған. Ол агенттікті «жауапсыз және Америка Құрама Штаттарының ұлттық мүдделеріне сай емес» екенін, сондықтан американдық билік оны қайта қарауы керегін айтып өтті. Алайда, түрлі болжамдарға қарамастан, ұйымды толығымен жабу туралы әңгіме қозғалған жоқ.
Фото: dw.com

1549 рет
көрсетілді0
пікір