Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Ақпан, 2025

Халық қатысатын бюджет: Алматыдағы жаңа балалар алаңы

2024 жылы Алматының Бостандық ауданында Мүсірепов және Бұқар Жырау көшелерінің қиылысында орналасқан балалар алаңының жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңарту жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Енді бұл алаң – балалар үшін заманауи және қауіпсіз ойын және демалыс орны. Мұнда жаңа ойын кешендері орнатылып, резеңке жабын мен жарықтандыру жүйесі жаңартылды, сондай-ақ жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды.

Биыл Бостандық ауданында осы бағдарлама аясында тағы 26 жоба жүзеге асырылмақ.

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы сәтті іске асырылуда. Бұл бастама қала инфрақұрылымын жақсарту бойынша тұрғындардың идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Соңғы үш жылда жалпы құны 39,1 млрд теңге болатын 938 жоба қолға алынды.

261 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз