Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Ақпан, 2025

Бір аптада 1403 байланыс орталығы 25 мыңға жуық өтінімді өңдеді

2025 жылғы 27 қаңтар-2 ақпан аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 25 мыңға жуық өтінімді қабылдап, өңдеді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 8324 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделді. Байланыс орталығының операторлары 13 мың қоңырауға жауап беріп, www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы арқылы 1802 өтінімді, сондай-ақ WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы 1315 жуық өтінім қабылдады.
Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Қарағанды және Түркістан облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.

212 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз