Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 05 Ақпан, 2025

Қазақстанда салалық өрт сөндіру қызметі құрылады

Заң жобасы аясында мемлекеттік органдардың өртке қарсы қызметтері мен құралымдары үшін «салалық өртке қарсы қызмет» анықтамасы енгізіледі. Қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, орман шаруашылығы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында құрылатын мұндай қызметтер мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты объектілердегі өрттерді сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Қорғаныс министрлігі өрт қауіпсіздігі саласындағы ведомстволық бақылауды жүзеге асыруға құқылы болады. Ал жергілікті атқарушы органдарға дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елдімекендердегі өрттерді сөндіру үшін жанар-жағармай, азық-түлік, медициналық көмек, күштер мен құралдарды қамтамасыз ету құқығы беріледі.

345 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз