Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Ақпан, 2025

Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамауға алынды

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әнші Алмас Кішкенбаевты кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімге тиіскені үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша, кінәлі тұлғаға 20 АЕК (78 мың теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған.

«Кішкенбаев ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды», – деп мәлімдеді Алматы соты.

Жәбірленушінің кәмелетке толмауына байланысты сот процесі жабық режимде өтті. Сот шешімі қазіргі уақытта заңды күшіне енген жоқ, яғни оған шағым түсіру мүмкіндігі бар. 

 

611 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз