- Безбен
- 06 Ақпан, 2025
«Сұңқар» арнайы жасағы күміс жүлде иеленді

Дубайда өткен халықаралық SWAT Challenge жарысы өз мәресіне жетті. Бұл беделді сайысқа әлемнің 80 елінен 100-ден астам арнайы жасақ бөлімшелері қатысып, бес күн бойы тактикалық, штурмдық, құтқару операциялары, кепілдегі адамдарды босату және кедергілер жолағын еңсеру бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
ҚР Ішкі істер министрлігінің “Сұңқар” арнайы жасағы барлық кезеңдерде жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте күміс жүлдені жеңіп алды.
Сонымен қатар Қазақстанның өзге де арнайы жасақ бөлімшелері үздік ондыққа кірді. Олардың қатарында ҚР ҰҚК “Арыстан” және “SSN Aktau”, СГО-ның “Сардар” арнайы жасағы, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан құрамасы бар. Айта кетейік, “Сұңқар” командасы алғашқы және үшінші кезеңдерде бірінші орын иеленді. Нәтижесінде, екі алтын және жалпы қорытынды бойынша күміс медаль алып, жетістікке жетті. Бұл – олардың аталмыш жарыстағы екінші қатысуы.
Тарихи жетістік – тұңғыш рет «Томирис» әйелдер командасы қатысып, қыздар арасында екінші орынға ие болды!

391 рет
көрсетілді0
пікір