- Құмсағат
- 06 Ақпан, 2025
Ақмола облысында ересектер мен жастар арасында ашық чемпионат өтті

Ақмола облысының прокуроры - Жекпе-жек өнері қауымдастығының Президенті Руфат Құттықовтың бастамасымен Ақмола облысының прокуратурасы Астана қаласы Жекпе-жек ұлттық спорт федерациясымен (бұдан әрі - Федерация) бірлесіп Жекпе-жектен ересектер мен жастар арасында ашық чемпионат өткізді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты - жастарды нашақорлықтан, құмар ойындарынан және басқада жат әдеттерден аулақ етіп, спортпен шұғылдануға ынталандыру.
Чемпионатқа Астана қаласы, Ақмола, Абай, Қызылорда, Қарағанды облыстарынан 100-ден аса спортшы қатысып, жеңімпаздарға медальдар мен грамоталар табысталды.
Сондай-ақ Руфат Құттықов спорт әлемінде жеткен жоғары жетістіктері үшін және ұлттық спорт түрлерінің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлкен үлесі үшін белгілі спортшыларға алғыс хаттарды табыс етті.

441 рет
көрсетілді0
пікір