- Айна
- 06 Ақпан, 2025
Алматыда балаларға арналған жаңа оңалту орталығы ашылады

Алматыда бұрынғы оқу-клиникалық орталық ғимараты қайта жаңғыртылып, қалалық балалар оңалту орталығына айналады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде жобаның түзетіліп, сараптамаға дайын екенін мәлімдеді.
Жаңа орталық бір ауысымда 250 балаға дейін қабылдап, тірек-қимыл аппараты мен сөйлеуінде кемістігі бар балаларға кешенді оңалту қызметін көрсетеді.
Ғимараттың тарихи қасбетін заманауи материалдарды пайдалана отырып қалпына келтіру жоспарланған.

227 рет
көрсетілді0
пікір