- Айна
- 06 Ақпан, 2025
Өткен жылы ең көп тұрғын үй қайда берілді?

2024 жылы Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 2023 жылмен салыстырғанда 6,4% артып, 18 963,4 мың м² құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Оның ішінде:
• 12 120,8 мың м² - көпқабатты үйлер
• 6 653,9 мың м² - жеке тұрғын үйлер
• 179 730 м² - жатақханалар
• 9 030 м² - арнайы үйлер
Өңірлік бөліністе ең көп тұрғын үй елордада пайдалануға берілді - 4,4 млн м² тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша екінші орында 2,4 млн м² көрсеткішпен Алматы қаласы тұр. Алайда, 2023 жылмен салыстырғанда Алматыда баспана құрылысының қарқыны 10,3% төмендеген.
Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары қарқыны Түркістан облысында тіркелді, мұнда құрылыс көлемі 27,7% артқан, ал Шымкент қаласындағы өсім - 26,1%.
Тұрғын үйдің негізгі бөлігін, яғни жалпы алаңның 89,5% (16 965,2 мың м²) жеке құрылыс компаниялары орындаған. Осы көлемнің 6 932,8 мың м² халық күшімен салынған.

255 рет
көрсетілді0
пікір