Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Ақпан, 2025

Өткен жылы Қытайдан келген туристер легі 655 мың адамға жетті

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп, деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев. Оның айтуынша, туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылды.

«Іс-шаралар ақпараттық алаңда да кеңінен көрініс тапты. 1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар таратылды. Бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді», - деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.

Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.

Фото: ortcom_kz

115 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз