Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Ақпан, 2025

Сарапшылар Тоқаевтың саяси реформаларын талқылады

6 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Қ.К. Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларының нәтижелері» атты тақырыпта «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat.» Ұлттық сараптама алаңының отырысы өтті. Шара барысында талқылауға қатысушылар – мемлекеттік органдар мен парламент өкілдері, жетекші талдау орталықтарының басшылары, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам қайраткерлері Қазақстанда соңғы үш жылда жүзеге асырылған саяси реформалардың негізгі аспектілерін, олардың мемлекеттік басқаруды, құқықтық жүйені және азаматтық қоғамды дамытуға ықпалын талқылады.

Талқылаудағы алғысөзінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Қазақстанда соңғы үш жылда елімізде ғана емес, бүкіл посткеңестік елдерде бұрын-соңды болмаған демократиялық реформалар жүзеге асырылғанын ерекше атап өтті.

«Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, саяси жаңғыртусыз елдің тұрақты ілгерілеуі мүмкін емес. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында жан-жақты саяси реформалардың жүзеге асуы әлемдік қауымдастыққа Қазақстанды аяғына нық тұрған мемлекет және біздің ауызбірлікті біртұтас ұлт екенімізді білдіретін сигнал. Президент Тоқаев Қазақстанның даму, ілгерілеу және реформалар жолын таңдап жатқанын көрсетті. Бұл оның тарихи миссиясы, ел басшысы ретіндегі жауапкершілігі. Реформалардың түпкі мақсаты – әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру, еліміздің егемендігін нығайту, демократиялық институттарды нығайту және жаңа саяси дәстүрлерді қалыптастыру», – деді Е.Тұқымов.

ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Әзімова Әділетті Қазақстан тұжырымдамасы аясында заңның үстемдігі мәдениеті жаңартылып, адам құқықтарын қорғау және құқық қорғау институттарын нығайту саласында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатқанын – олардың ішінде қалпына келтірілген Конституциялық сот орталық орын алатынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Конституцияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша маңызды миссияны жүзеге асырады. Ол азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын сот жүйесінің негізгі элементіне айналды. Сот заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеріп, конституциялық дауларды шешеді, бұл мемлекетіміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілі болып табылады», — деп атап өтті Эльвира Әзімова.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым үкімет бірқатар жағдайларға, атап айтқанда қаңтар оқиғасына байланысты саяси реформалар жүргізуге мәжбүр болды деген аңыздың жоққа шығарды.

«Бірақ демократиялық үдерістер тек жағымсыз оқиғаларға реакция ғана емес. Шын мәнінде, саяси реформалар – бұл президент Тоқаевтың философиясы», — деді А.Сарым.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи соңғы үш жылдағы демократиялық өзгерістердің оң динамикасын, оның ішінде бірқатар маңызды заңнамалық бастамалардың жүзеге асырылуын атап өтті.

«Алайда реформаларды тек заң арқылы жүзеге асыру мүмкін емес. Қоғамдық санаға өзгерістер қажет. 30 жыл бойы қоғам тоқырау жағдайында болды. Сондықтан өзгерістерді жүзеге асыру кезең-кезеңімен жүруі керек. Қоғамдық санада әлі де демократиялық құндылықтарға бетбұрыс болған жоқ», — деп атап көрсетті Е.Бапи.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева өз сөзінде заң үстемдігі қағидатын нығайту және әйелдер мен балаларды заңнамалық қорғау сияқты реформаның маңызды бағытына тоқталды. Балалар омбудсмені өз институтының қызметінің нәтижелерімен бөлісті.

«Бүгінде 2 мың отбасын қолдау орталығы ашылды, тағы 125 ашылуға дайындық үстінде. Проблемалық отбасыларды бақылау мақсатында 45 мың рейд ұйымдастырылады. Барлық облыстарда психологиялық қолдау орталықтары ашылды. «Жақында балалардың құқықтарын қорғау бөлімдері де ашылады», — деді Д.Зәкиева.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Анастасия Щегорцова өз сөзінде халықтың қолдауы реформалардың табысты болуының маңызды шарты екенін ерекше атап өтті.

«Азаматтық қоғам Президент реформаларының бенефициарына ғана емес, субъектісіне де айналды. Бүгінгі таңда қазақстандық қоғам жаңа саяси шындықта – жаңа этика, жаңа ережелер, жаңа саяси мәдениет жағдайында өмір сүріп жатыр, бұл басқалармен қатар онлайн өтініштер институтының және Конституциялық соттың пайда болуымен байланысты», — деді ҚХА өкілі.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев реформалар әрқашан жайлылық аумағынан шығуды білдіреді деп мәлімдеді.

«Қазақстан жойқын дауыл жағдайында реформаларды жүзеге асырды: бір жағынан Қантар болды, екінші жағынан геосаяси жағдайдың шиеленісуі болды. Мұның бәрі реформаларды тоқтатып, неғұрлым қолайлы саяси және экономикалық сәтті күтуге себеп болуы мүмкін еді. Реформалардың жүзеге асыру перспективаларынан гөрі тәуекелдері көп болды. «Оларды осындай жағдайда өткізу батыл шешім болды», — деп бөлісті белгілі саясаттанушы.

Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының тең құрылтайшысы, Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі Александр Данилов саяси реформалар негізінен Қантардан кейін «қылбұрау салынады» деп болжаған сарапшылардың күтіліміне қарама-қайшы жүзеге асырылдғанын еске салды.

«Саяси реформалардың ең маңызды нәтижесі – осы уақыт ішінде бізде ешқандай кері қайтару болған жоқ және біз ырықтандыруды жалғастырамыз. Дегенмен, жүргізіліп жатқан реформаларды бағалау үшін әлі де көп жұмыс істеу керек, ҚСЗИ оларды қадағалайтын негізгі институттардың бірі», — деді саясаттанушы.

Саясаттанушы, медиа-менеджер Сырым Итқұлов саяси реформалардың нәтижесінің бірі ақпараттық мәдениетті арттыру болуы керек деген пікір білдірді.

«Бүгін біз қоғамның күшті саясилануының куәсі болып отырмыз, ол мемлекеттік шешімдердің барлығы әрбір қазақстандыққа қатысты екенін түсінуден көрінеді. Сондықтан саясаткерлердің де, қоғамның да жауапкершілігі, ең бастысы, барша адамға әділдік керек», — деп атап көрсетті С.Итқұлов.

Талқылау соңында сарапшылар саяси реформалар Қазақстанның тұрақты дамуы мен мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамды топтастыруға және азаматтардың еліміздің саяси өміріне белсенді қатысуына берік негіз қалады деген қорытындыға келді.

Фото: gov.kz

197 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз