- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 06 Ақпан, 2025
Бишімбаев сотқа шағым түсірді

Экс-министр колонияда өткен шахмат турнирінде жеңіске жетіп, бұл үшін ынталандыруды талап еткен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.
«Жазасын өтеуші сотқа мекеме әкімшілігі оған көтермелеу бермейді деген өтінішпен жүгінді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу қолданылмайды. Аталған сотталған адамның бір рет тәртіп бұзғанын ескере отырып, оған көтермелеу болмайды», - делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осылайша, сот Қуандық Бишімбаевтың арызын қанағаттандырмады.
Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін былтыр 24 жылға сотталған болатын.
Фото: ашық дереккөзі

229 рет
көрсетілді0
пікір