Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Ақпан, 2025

24 Talgo пойызының вагондарына бейнебақылау орнатылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында 24 Talgo пойызының вагондарына бейнебақылау жүйесін орнатуды толықтай аяқтады, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Барлығы 1350 камера іске қосылып, пойыз ішіндегі жағдай тәулік бойы үздіксіз бақылануда.
Бейнебақылау жүйесі вагондар, кіреберістер мен шығаберістер, ортақ пайдаланылатын аумақтарды қамтиды. Бұл шаралар оқыс оқиғалардың алдын алуға, құқықбұзушылықтарды болдырмауға, билетсіз жолаушыларды анықтауға және кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Жүйеден алынған ақпарат тек Ұлттық тасымалдаушының ситуациялық орталығындағы уәкілетті мамандарға ғана қолжетімді. Бейнематериалдар жолаушылар шағымдарын әділ әрі жан-жақты қарау үшін қолданылады.
Ұлттық тасымалдаушы барлық стандартты вагондарды бейнебақылау жүйесімен жабдықтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жолаушылар пойыздарында интернетті іске қосу арқылы нақты уақыт режимінде бейнебақылау жүргізу және бейнеаналитика жүйесін енгізу мүмкіндіктері қарастырылуда.

607 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз