- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 07 Ақпан, 2025
Құны 187 млн теңгеден асатын темекі партиясы тәркіленді - ҰҚК

Темекі бұйымдарын заңсыз тасымалдаушылар ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
2025 жылдың 5 ақпанында Жамбыл облысы Қарасу елді мекенінде ҰҚК шекара жасағы темекінің ірі партиясын (535 мыңнан астам қорап) тасымалдау әрекетінің жолын кесті.
Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарысыз жеткізіліп тұрған.
Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 млн теңгеден асады.
Әрі қарай қаралуы үшін жүк тиісті органға берілді.

527 рет
көрсетілді0
пікір