- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 07 Ақпан, 2025
Тамақ өнімдерінің 31 пайызы міндетті талаптарға сәйкес келмейді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тамақ өнімдерін бақылаушылық сатып алу шеңберінде 10 491 өнім үлгісін зерттеді, оның 31%-ы (3 245 сынама) тамақ қауіпсіздігінің міндетті талаптарына сәйкес келмеді. Қабылданған ден қою шараларының нәтижесінде сауда желісінен 5,5 тоннадан астам сәйкес келмейтін өнім алынды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Мониторингтің нәтижесінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінсіз онлайн-сауда арқылы ББҚ-ны іске асыратын әлеуметтік желілердегі 1 495 ресурста жарнама анықталды және жойылды. Мәселен, Санитаиярлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бастамасымен «Meta» компаниясы Instagram әлеуметтік желісіндегі 94 бейінді бетті алып тастады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4 есе көп.
Техникалық реттеу және Ветеринариялық бақылау комитеттерімен өзара іс-қимыл кезінде өткен жылы сәйкестік туралы 200 декларацияның күші тоқтатылды және жойылды, импорттық өнімнің 34 өндірушісіне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді.

760 рет
көрсетілді0
пікір